Б. Сұлтанов: Көз жұмған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын.
ERNUR.KZ. «Астана Су Арнасы» мекемесінің 4 қызметкері жазатайым қаза болды. Бұл туралы Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында қайғылы оқиға орын алды. «Астана Су Арнасы» мекемесінің 4 қызметкері жазатайым қаза болды. Өз атымнан және әкімдік атынан көз жұмған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын», - деп жазды Б.Сұлтанов.
Сондай-ақ қала әкімдігі барлық тиісті көмекті беретіндігін, құзырлы орган өкілдеріне осы жағдай бойынша жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырғандығын атап өтті.