Ісік бар мүшені толығымен алып тастау керек болса, бүгінде заманауи технология күшімен тек ғана ісік алынады.
ERNUR.KZ. Елордадағы №2 көп бейінді қалалық ауруханасының урология бөліміне әлемдік деңгейдегі үздік технологиялар жеткізілді, деп жазады 24.kz.
Медицина саласындағы заманауи құрылғылар бүйрек қатерлі ісігін, несеп-тас ауруларын емдеп, лапароскопиялық операцияларды жасауға мүмкіндік береді. Осылайша науқастарды емдеу шаралары артып, жүргізілген жұмыстар оңтайлы нәтиже көрсетеді дейді мамандар. Технологиялардың мүмкіндіктерін барынша қолдану үшін Ресейден келген профессорлар отандық дәрігерлерге дәрістер өткізуде. Алдағы уақытта бірнеше операция жасау көзделіп отыр. Аурухана дәрігерлерінің айтуынша, орталықта жылына 2 мыңға жуық операция жасалады. Олардың басым бөлігі несеп-тас ауруларына байланысты.
Юрий Пак, қалалық урология орталығының жетекшісі:
- Бұдан 2-3 жыл бұрын бүйрек қатерлі ісігі болған жағдайда, ісік бар мүшені толығымен алып тастау керек болса, бүгінде заманауи технология күшімен тек ғана ісік алынады. Хирургия саласының дамуы үздік құралдардың қолданысқа енуімен тікелей байланысты. Осылайша, науқастың жағдайы бірнеше күн ішінде қалпына келіп, денсаулығы жақсарады.