Елордадағы Nursultan жазулары өзгертіле бастады

0
599

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Жарлығы жарияланды.


Елордадағы Nursultan жазулары өзгертіле бастады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде «Нұржол» желекжолы бойындағы әріптердің орнынан алынып жатқан видеосы және Ботаника бағындағы Nur-Sultan жазуы да алынып жатыр, деп жазады 24.kz.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Жарлығы жарияланды.

Бұдан бұрын Президент «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Аталған Заң Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған.