Вакциналау дүйсенбі күннен басталады.
ERNUR.KZ. Елордаға Comirnaty BioNTech/Pfizer вакцинасының 35100 дозасы жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы кеше елордаға Comirnaty BioNTech/Pfizer вакцинасының алғашқы партиясын 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға және 16-дан 37 аптаға дейінгі жүкті әйелдерге, сондай-ақ бала емізетін аналарға арналған вакциналардың 35100 дозасы әкелінгенін атап өтті.
«Дүйсенбіде біз вакцинацияны бастаймыз. Балаларды вакцинациялау мектептер жанындағы егу пункттерінде жүргізіледі. Сондай-ақ анасы баланы емханаларда вакцинациялағысы келсе, барлық медициналық ұйымдарда егу кабинеттері бар. Сауда орталықтарында әзірге екпе жасамаймыз», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Спикердің айтуынша, вакцина -60 -80 градус температурасы бар мұздатқыш жабдықтарда сақталады. Вакцина мұздатылған күйде сақталады және өтінімдерге сәйкес медициналық ұйымдарға таратылады. Медициналық ұйымдар вакциналарды термоконтейнерлерден алып, тоңазытқыштарда +2-ден +8 градусқа дейін сақтайды.
«Мұндай жағдайда ол табиғи түрде ериді. Вакцинаны бір ай бойы сақтауға болады. Қайта мұздатуға тыйым салынады», - деді Әлия Рүстемова.