Еңбек мигранттары 1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы емханаларға тіркеле алады

0
99

1 қыркүйектен бастап 1 қарашаға дейін Қазақстанда халықты медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту жөніндегі жыл сайынғы науқан өтеді.


Еңбек мигранттары 1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы емханаларға тіркеле алады

фото: Борис Бузин

ERNUR.KZ. Қазақстанда тұратын шетелдіктер, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен (ЕАЭО) келген еңбек мигранттары да бүгіннен бастап емханаларға тіркеле алады, деп жазады sputnik.kz.
Ол үшін ерікті немесе міндетті медициналық сақтандыру шарттарының болуы маңызды.
"Тіркеу ережелеріне сәйкес осы кезеңде азаматтар бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде емхананы таңдай алады немесе ауыстыра алады. Осы кезеңде тіркеуге өтініш бергендер әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан жағдайда келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа емханада медициналық көмек ала алады", - деп жазылған хабарламада.
Емханаға кім тіркеле алады
Қазақстан Республикасының азаматтары;
ҚР-да тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (тұруға ықтиярхаты болған жағдайда);
Ерікті немесе есептелген медициналық сақтандыру шарты болған кезде ЕАЭО елдерінен (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения) еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері.

Қалай тіркелуге болады

1. Портал арқылы eGov.kz (қызмет онлайн режимінде қолжетімді, қарау мерзімі – 1 жұмыс күні);
2. Таңдалған емханада жеке өтініш беру арқылы.
Айта кетері, азамат бұрынғы емханадан автоматты түрде шығарылады.

Өз емханаңа қайта бекітілу керек пе

Егер сіз медициналық ұйымды өзгертуді жоспарламасаңыз, қайта өтініш берудің қажеті жоқ. МСАК көрсету отбасылық бақылау қағидаттарына негізделген, сондықтан барлық отбасы мүшесін бір учаскелік дәрігерге бекіту ұсынылады. Бұл медициналық қолдаудың сапасын арттырады. Жаяу 15-20 минут жүретін қашықтықтағы медициналық мекемеге тіркелу ұсынылады. Бұл үйде медициналық көмек көрсету үшін маңызды. Жалпы, тіркеуге өз елді мекенінің шегінде рұқсат етіледі.
Мына жағдайларда тіркеуден бас тартуы мүмкін:
өтініште дұрыс емес деректер;
басқа елді мекенде тұру;
емханада тіркелген пациенттер лимитінің артуы;
баланы тіркеуге арналған құжаттардың болмауы.

Науқаннан тыс емхананы ауыстыруға бола ма

Бұл жылына бір рет еркін таңдау құқығымен, сондай-ақ мынадай жағдайда ауыстыруға болады:
тұрғылықты жерін, жұмысын немесе оқуын ауыстыру;
басқа елді мекенге көшу;
бұрынғы емхананы тарату немесе қайта ұйымдастыру.

Тіркеу науқанына қанша емхана қатысады

Тіркеу науқанына барлығы 694 МСАК нысаны қатысады. Жыл сайын амбулаториялық-емханалық көмек көрсетушілердің саны артып келеді, бұл халыққа қадамдық қолжетімділікте медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.