Енді бала күтіміне байланысты жәрдемақы 1,5 жасқа дейін төленеді

0
967

Бұрын ол тек 1 жасқа дейін берілетін.


Енді бала күтіміне байланысты жәрдемақы 1,5 жасқа дейін төленеді

ERNUR.KZ. Жаңа жылдан бастап бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы сәби 1,5 жасқа толғанға дейін төленеді, деп жазады sputnik.kz.

Бұрын ол тек 1 жасқа дейін берілетін. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін бір жасқа толмаған барлық бала үшін төлем автоматты түрде жарты жылға ұзартылады. Ал 1 қаңтардан кейін туған балаға бірден 1,5 жылға тағайындалады.
Сондай-ақ жаңа жылдан бастап бұл жәрдемақының мөлшері де ұлғаяды:
бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 19 872 теңге;
екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 23 495 теңге;
үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 27 083 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 30 705 теңге.
Декретке дейін жұмыс істеген әйелдердің бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы әлеуметтік төлемі бөлек есептеледі. Оның мөлшері бала туғанға дейін соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.
Еске салсақ, президент 2023 жылдан бастап бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзартуды тапсырған еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл ата-аналарға ең маңызды кезеңде өз балаларының қасында ұзағырақ болуға мүмкіндік береді.