Енді елімізде әскерден қашқандарға үш жарым миллион теңге айыппұл салынады

0
466


Енді елімізде әскерден қашқандарға үш жарым миллион теңге айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Қазақстанда әскерден қашқандарға үш жарым миллион теңге айыппұл салынып, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, деп жазады Stan.kz.



Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскер қатарына шақырылған барлық азамат әскери комиссариатқа келуге міндетті. Қазір жүргізіліп жатқан күзгі науқанда Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс азаматтарға шақыру қағазы хат түрінде және SMS-пен жолданып жатыр.

Олардың жұмыс пен оқу орындарына да хабарлама берілген. Ал шақыруды жеке өзіне тапсыру мүмкін емес азаматтар әскери комиссариатқа ішкі істер органдарының көмегімен жеткізіледі.