Енді қазақстандықтар баспана алу үшін кез келген банкке қаражат жинай алады

0
970

Бұл өзгерістер жұмыс істеп тұрған коммерциялық банктерде тұрғын үй және құрылыс жинақтары үшін шот ашуға мүмкіндік береді.


Енді қазақстандықтар баспана алу үшін кез келген банкке қаражат жинай алады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар тұрғын үй алу үшін ақшаны енді "Отбасы банкінен" басқа банктерде де жинай алады, деп жазады stan.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазір мемлекеттік органдар мен банктер бірлесе отырып түзетулер әзірленгенін мәлімдеді. Бұл өзгерістер жұмыс істеп тұрған коммерциялық банктерде тұрғын үй және құрылыс жинақтары үшін шот ашуға мүмкіндік береді.

“Мұндай мүмкіндік қаражатты тарту, жылжымайтын мүлік сатып алуға несие беру, сондай-ақ осы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау және қамтамасыз ету шарттарын ескере отырып беріледі”, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қажет рәсімдер аяқталғаннан кейін түзетулер заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.