Енді кредитті ерте жапқандар айыппұл төлемейді

0
111

Жеке тұлғалар кредитті кез келген уақытта айыпақы төлемей мерзімінен бұрын өтей алады.


Енді кредитті ерте жапқандар айыппұл төлемейді

фото: Sputnik / Наталья Селиверстова

ERNUR.KZ. Қазақстанда 31 тамыздан бастап кредитті ерте жабуға қатысты жаңа заң күшіне енеді, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, деп жазады sputnik.kz.

31 тамыздан бастап қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл санкциялары заңды тұлғаларға ғана қолданылатын норма күшіне енеді.
"Жеке тұлғалар кредитті кез келген уақытта айыпақы төлемей мерзімінен бұрын өтей алады. Бұл норма барлық шартқа, оның ішінде бұрын жасалған шарттарға қолданылады. Алайда өзгерістер күшіне енгенге дейін төленген айыппұл мен айыпақы қайтарылмайды", - дейді ведомство.
Мерзімінен бұрын төлем борыш жүктемесін азайтуға, кредиттік тарихты жақсартуға және қарыз алушылардың қаржылық орнықтылығын нығайтуға ықпал етеді, дейді агенттік.