Енді Отбасы банк арқылы ипотека өтейтін қазақстандықтар салықты аз төлей алады

0
105

Биылдан бастап 4 және одан көп баласы бар ата-анаға салық шегерімі қарастырылады.


Енді Отбасы банк арқылы ипотека өтейтін қазақстандықтар салықты аз төлей алады

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа салық нормасы күшіне енді. Бұл норма көпбалалы отбасыларға, Отбасы банк және басқа да банк арқылы ипотека рәсімдегендерге, оқу ақысын төлейтіндерге қатысты, деп жазады stan.kz.

Салық шегерімдері қалай өзгереді?

Биылдан бастап 4 және одан көп баласы бар ата-анаға салық шегерімі қарастырылады. Оны ата-ананың екеуі де пайдалана алады, дегенмен мөлшері 282 АЕК-дан (2025 жылы 1 АЕК – 1 108 824 теңгеге тең) аспауы керек.

Көпбалалы отбасының ата-анасының біріне 90 436 теңге салық шегерімі беріледі. Ал екі ата-ана болса, ай сайын 47 184 теңге мөлшеріндегі салықтан босатылады. Бұл мүмкіндік отбасыға салықты ай сайын 9 000 теңгеге азайтуға көмектеседі. Шегерімді қолдану үшін балалардың туу туралы куәліктерін көрсету керек.

Сонымен қатар Отбасы банк және басқа да банк арқылы ипотека рәсімдеп, оны төлеп жүрген азаматтар да салық шегерімі мүмкіндігін қолдана алады. Ол үшін олар кадр қызметіне немесе бухгалтерияға мына құжаттарды тапсыруы керек:

1) ипотекалық тұрғын үй несиесінің келісімшарты;

2) ипотекалық тұрғын үй несиесін өтеу кестесі;

3) ипотеканы төлеп жатқанын растайтын құжат.

Оған қоса адам өзінің немесе заңды өкіл қамқорлығындағы 21 жасқа толмаған баланың мектепке дейінгі білімінің, техникалық және кәсіптік білімінің, орта және жоғары білімінің ақысын төлейтін болса, салық шегерімін ала алады. Салықтық шегерім жылына 118 АЕК-ге (1 АЕК – 463 976 ) дейін болады. Оны қолдану үшін азамат қызмет көрсету келісімшарты мен төлемді растайтын құжатты көрсетуі керек.