Ол Щучинкс-Бұрабай демалыс аумағындағы көлді тазалау кезінде 863 млн. теңгенің жұмысы орындалғаны туралы актіге заңсыз қол қойған деген күдікке қалды.
ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро қызметкерлері эенергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевті тұтқындады. Ол Щучинкс-Бұрабай демалыс аумағындағы көлді тазалау кезінде 863 млн. теңгенің жұмысы орындалғаны туралы актіге заңсыз қол қойған деген күдікке қалды. Салдарынан мемлекетке 746 млн. теңге мөлшерінде залал келтірілген, деп хабарлады ведомствода өткен брифинг барысында Ұлттық бюроның ресми өкілі Нұрлан Жахин.
Қазіргі кезде Жақсалиев үйқамақта отыр.
« Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы энергетика вице-министрі Жақсалиевтің Шучинск-Бұрабай демалыс аймағындағы көлді тазарту жұмыстарын қабылдау кезіндегі заңсыз іс-әрекеті әршкереленді»,- деді Жахин.
Оның айтуынша, Жақсалиев 2015 жылы «мердігер мекеме «Аймақ и К» ЖШС-нің пайдасына қызмет бабын асыра пайдаланған. Атқарылған жұмыс ауқымы 30 есе асыра көрсетілгенін біле тұра, Жақсалиев су айдынының түбінен 109 мың текше метр лай алынғанын немесе жалпы құны 863 млн. теңгенің жұмысы атқарылғаны туралы қабылдау актісіне қол қойып жіберген.
Осы жылдың наурыз айында энергетика министрінің тағы бір орынбасары – Ғани Сәдібеков ұсталған болатын. Тергеу ісі бойынша, ол Шучинск-Бұрабай демалыс аймағындағы көлді тазарту кезінде «Аймақ» ЖШС-і басшысы Д.Дуанбекпен аса ірі мөлшердегі бюджет қаржысын жымқырған.