Эпидемиологиялық ахуал оптимистік сценарий бойынша дамып келеді – Цой

0
703

Жалпы Қазақстанның өзі де коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр.


Эпидемиологиялық ахуал оптимистік сценарий бойынша дамып келеді – Цой

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Жалпы коронавируспен ауыру оптимистік сценарий бойынша дамып келеді", - деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, Қазақстанда соңғы айда вирус жұқтыру 3,1 есе, стационарлардағы және амбулаторлық емдегі науқастар саны 1,7 есе төмендеген.

Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 23%, реанимациялық төсек-орын қоры - 20%.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенсек, "қызыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.

Жалпы Қазақстанның өзі де коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр.