Эпидемиологиялық жағдай тұрақталды – Мамин

0
512

​Премьер-министрдің айтуынша, ағымдағы жағдай мен осы айдың қорытындысы ескеріліп, арнайы жоспар мен тиісті шешім қабылданады.


Эпидемиологиялық жағдай тұрақталды – Мамин

ERNUR.KZ. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин күшейтілген карантиннің арқасында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Карантиндік шаралардың мерзімі 2 тамызда аяқталады. Жалпы, осы кезеңде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Жазылып кеткендердің саны 63 пайыздан асты. Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға дейін азайды", – деді Мамин үкімет отырысында.

Айтуынша, ауруханалардағы орындардың жүктемесі 46 пайызға дейін төмендеді.

Бір айдың қорытындысы бойынша жедел жәрдем шақыру саны 38 процентке азайды.

Премьер барлық өңір дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

"Осыған орай, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет", – деді ол.

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрлігі карантинді біртіндеп жеңілдету жоспарын ұсынды.

"Ағымдағы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады", – деді Мамин.