Оқиға 5 қыркүйекке қараған түні Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.
ERNUR.KZ. Алматыда ер адам жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға 5 қыркүйекке қараған түні Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.
"Түнде сағат 1:35 шамасында Mercedes маркалы автокөлік жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта жүріп, Шаляпина көшесінің қиылысында қашықтықты сақтамай, төрт бірдей Nissan, Mercedes, Toyota Land Cruiser Prado және Chevrolet секілді автомобильдермен соқтығысқан. Кейін кінәлі апат орнынан жаяу қашып кеткен", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.Құқық қорғау органдары жүргізушінің жеке басын анықтаған. Кінәліні ұстау үшін шаралар қабылданып жатыр.
"Жол апаты салдарынан Nissan маркалы автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Бұл деректі Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады", - деп толықтырды Алматы ПД баспасөз қызметі.