Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендерді өмір бойына түрмеге жабу ұсынылды

0
772

Прокурор айыпталған үш азаматты өмір бойына бас бостандығын айыруды сұрады.


Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендерді өмір бойына түрмеге жабу ұсынылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының мамандандлырылған ауданаралық сотында "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне себеп болған және оның әріптесі Петр Ницыктың өміріне қастандық жасамақшы болғандардың ісі қаралды, деп жазады Stan.kz.

Прокурор Қуаныш Жексебаев айыпталған үш азаматты өмір бойына бас бостандығын айыруды сұрады. Оның пікірінше, Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов пен Нұрлан Шүкілдіков жоғарғы қауіпсіздіктегі абақтыға қамалуы шарт.

Бұған қоса айыптаушы тарап оларды жәбірленушілердің қорына 30 АЕК көлемінде айппұл төлеуді өтінді. Ал рұқсатсыз аң аулаған Базаров Берден, Қайырбеков Батырбек, Мырзабаев Жарасхан мен Әкімов Айдосты прокурор 6 жылға түрмеге жабу керек дейді прокурор. Оларды 5 жылға аң аулау құқығынан айырып, 20 АЕК көлемінде айыппұл тағайындау керектігі атап өтті.

Еске салайық, қорық инспекторын өлтіріп кеткендердің ісі өткен жылдың тамыз айында басталған еді. Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспектордың туыстары оның өліміне әріптестерінің де кінәсі бар деп айтқан еді.