"Ерте тұрып, анама көмектеспейсің": Қазақстандық әйелін ерте оятамын деп сотқа тартылды

0
318

Шиеліде әйелін ұйқысынан оятып, тыныштығын бұзған ер адам сотқа тартылды.


ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында әйелін ұрды деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады stan.kz.

Шиеліде әйелін ұйқысынан оятып, тыныштығын бұзған ер адам сотқа тартылды.

"Сотталушы Д жатын бөлмеде ұйықтап жатқан әйелі О-ға жақындап, оны оятып, ұрыс шығарған. "Ерте тұрмайсың, анама үй шаруасына көмектеспейсің” деп айқай шығарған. Осылайша ол физикалық ауыртпалық туғызғанымен, денсаулыққа жеңіл зиян келтірген жоқ", – деді сот.

Сотта ер адам өз әрекетін толығымен мойындап, әйелімен татуласуына байланысты істі қысқартуды сұрады. Жәбірленуші де осылай мәлімдеді.

"Сотталушы Д-ның әрекетінде Қылмыстық кодекстің 10-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар бар. Өлімге әкеп соқпаған қылмыстық құқықбұзушылық немесе онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласқан болса, қылмыстық жауаптылықтан босатыла алады", – делінген хабарламада.

Аудандық соттың қаулысымен сотталушы Д жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.