"Ештеңе төлемейсіздер". Көлік министрлігі желіде тараған сыбысты жоққа шығарды

0
115

Әлеуметтік желіде Өзбекстанның территориясына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылар арнайы алым төлеуі керек екендігі туралы ақпарат пайда болған.


Сурет: unsplash

ERNUR.KZ. ҚР Көлік министрлігі 8 қаңтарда Өзбекстан территориясына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылардан алым алынатындығы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп жазады zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желіде Өзбекстанның территориясына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылар арнайы алым төлеуі керек екендігі туралы ақпарат пайда болған.

"2007 жылғы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiміне сәйкес тараптардың тасымалдаушылары алым төлеуден босатылған. Тасымалдаушылар тек ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ғана төлем жасауға міндетті. Бұдан басқа ешқандай алым төлеудің қажеті жоқ", делінген хабарламада.

Бұған дейін Өзбекстан бұқаралық ақпарат құралдары елге кіргені үшін Түрікменстан жүк көліктерінен алынатын алымдарды көбейткенін, сондай-ақ Иран үшін ставкалар нөлге теңестірілгенін хабарлады.