Есіктегі жарылыс: газ резервуарына соғылған көліктің жүргізушісі қайтыс болды

0
608

Марқұмның туысқандары осы оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр.


Есіктегі жарылыс: газ резервуарына соғылған көліктің жүргізушісі қайтыс болды

ERNUR.KZ. 6 тамыз күні таңертең Алматы облысының Есік қаласында автокөлік газ резервуарына соғылып, артынан жойқын жарылыс болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Toyota Land Cruiser Prado көлігінің зардап шеккен жүргізушісінің денесін 90% күйік шалған, деп жазады zakon.kz.

Жол талғамайтын көліктің 72 жастағы жүргізушісі қайтыс болғаны белгілі болды.
Өкінішке қарай, бұл солай болды. Ер адам өмірімен сәйкес келмейтін жарақаттардан сағат 20:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлайды Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Марқұмның туыстары Инстаграмдағы "kris_p_almaty" парақшасында жазба жариялады.

"Бізге сол кезде сол маңда болған видеотіркегіші бар куәгерлер қажет. Бір куәгер қыз менің көкемнің жолын кескендіктен, ол рөлін бұрын жібергенін айтты, қапталдан үшінші көлік оны басып озған. Рөлді аяқ-асты бұрған көкем газ резервуарына барып, киіп кеткен, ол Toyota Land Cruiser Prado көлігінде болған, делінген жазбада.

Осы оқиға кезінде тағы бір зардап шеккен 1990 жылғы жанар-жағармай құю стансасының операторы кеудесінен зақым алып, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне босатылған.