Еурохаттама жаңа мобильді қосымшасы іске қосылды

0
185

Осы жылы ұсақ жол-көлік оқиғаларын “жеңілдетілген тіркеуді” жүзеге асыру аясында жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін “Еурохаттама” мобильді қосымшасы енгізілді.


Еурохаттама жаңа мобильді қосымшасы іске қосылды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі “Сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу мен дамыту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 12 шілдедегі № 138-VII Заңын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеңіл ЖКО кезінде көлік құралдарын міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін өңдеудің оңайлатылған тәртібі енгізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Осыған орай, “Еурохаттама” арнайы мобильді қосымшасы әзірленді, қосымша арқылы қолданушылар сақтандыру ұйымына онлайн өтініш бере алады, биометриялық сәйкестендіруден өтіп, цифрлық құжаттарды, фото және бейнематериалдарды қоса алады, соның негізінде сақтандыру ұйымдар жәбірленушінің банктік шотына төлем жасайды.

Бұл процедура жол-көлік оқиғасына қатысушылардың саны 2-ден аспаса, келтірілген залал мөлшері 100 АЕК-тен аспаса, үшінші тұлғалардың денсаулығы мен мүлкіне зияны болмаса, екі қатысушының да автокөлікті міндетті сақтандыру полисі болса, осы тәртіпті қолдануға болады. Сондай-ақ екі жақтың келісімімен, біреуі кінәсін мойындаған жағдайда.

Өз кезегінде бұл тәртіпті пайдаланған тұлғалар ЖКО жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. “Еурохаттама” – жүргізушілерді полиция қызметкерлерінің және соттың қатысуынсыз жеңіл жол-көлік оқиғаларын (бұдан әрі – ЖКО) оңай жолмен тіркеу.

Анықтама үшін: Еурохаттаманың шыққан жері – Франция. Бұл жүйе Германия, Бельгия, Греция, Италия, Португалия, Испания және басқа елдерде кең таралған. ТМД елдерінде еурохаттама Ресейде, Беларусьте, Украинада, Арменияда және Өзбекстанда енгізілді.

Еурохаттама қолдану шарттары:

  • ЖКО небәрі 2 көлік қатысса;
  • ЖКО өмірге немесе денсаулыққа зиян келтірмеген және үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтірмеген болса;
  • ЖКО қатысушыларының өзара келісімі болып, олардың бірі кінәсін мойындаса;
  • ЖКО қатысушыларының міндетті автокөлікті сақтандыру полисі бар болуы керек;
  • келтірілген залал мөлшері 100 АЕК немесе 369 мың теңгеден аспаса.

Күтілетін нәтиже:

  • азаматтардың ЖКО тіркеуге (15-20 минут кетеді) және сақтандыру төлемдерін алуға (5 күн ішінде төлеу) уақытын үнемдеу.

Қандай артықшылықтар бар: Біріншіден, азаматтар бұдан былай ұсақ ЖКО өңдеу үшін кептелісте полицейлерді күтудің қажеті жоқ. Тиісінше, көлік кептелісі де азаяды. Екіншіден, мұндай бұзушылықтар үшін жүргізушілер енді әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Бұған дейін жыл сайын сотпен материалдық шығын әкелген жол-көлік оқиғасы салдарынан 32 мыңға жуық жүргізушіге айыппұл салынып немесе көлік басқару құқығынан айырылған. Үшіншіден, сақтандыру төлемдерінің мерзімі хаттама жасаудан бастап сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі сот рәсімдерін жою арқылы қысқартылады. Бұрын мұның барлығы 60 күнге дейін созылуы мүмкін болса, қазір тіркелген сәттен бастап төлемдерді алғанға дейін шамамен 5 күн кетеді.

Құқық бұзушылар мен жәбірленушілерді сақтандыру ұйымдарына жіберу үшін материалдардың көшірмелерін алу үшін ішкі істер органдарына бару қысқарады. Бүгінгі таңда “Европротокол” мобильді қосымшасы арқылы 115 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Бұл жүйені енгізу полиция мен тұрғындар арасындағы өзара іс-қимылды бюрократиясыздандырудың тағы бір қадамы.