Шал ақын ауданы полиция бөлімі алдын ала тергеуді бастап, қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.
Фото: Ru.freepik.com
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысындағы ауруханада фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) процедурасынан кейін қайтыс болған науқасқа қатысты түсініктеме берді, деп жазады stan.kz.
Министрліктің мәліметінше, Шал ақын ауданы полиция бөлімі алдын ала тергеуді бастап, қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.
“Енді ресми өтініш, сұрау немесе құқық қорғау органдарының тапсырмасы түскен жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысы комитетінің департаменті медициналық ұйымға тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы тексеру бастайды”, — делінген хабарламада.
Тексеру нәтижелері бойынша дайындалған материалдар құқық қорғау органдарына заңдық бағалау беру және процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданатыны көрсетілген.


