Еліміздің рейтингісін қолдайтын негізгі факторлар – қуатты фискалдық және сыртқы теңгерімдер.
ERNUR.KZ. Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты", деп жазады inbusiness.kz.
Еліміздің рейтингісін қолдайтын негізгі факторлар – қуатты фискалдық және сыртқы теңгерімдер.
Агенттік сарапшыларының пікірінше, олар сыртқы күйзелістерге тұрақтылығын дәлелдеді.
Сондай-ақ ірі фискалды буферлер сыртқы таза кредитор мәртебесін сақтауға мүмкіндік берді.
Таза шетелдік активтер бойынша Қазақстанға жоғары тәуелсіз позиция берілді, ол 2021 жылдың соңында ЖІӨ-нің 37%-ын құрады.
Fitch есебінде атап өтілгендей, қазақстандық банк секторының капитал қоры жеткілікті деңгейде. 2022 жылғы 3 тоқсандағы жағдай бойынша жұмыс істемейтін кредиттердің коэффициенті 4,6%-ды құрады.
Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валютадағы салымдар бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер және басқа да бірқатар шаралар депозиттерде қаражатты сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Жақын уақыттан бері рейтингтің негізгі факторларының қатарына ESG көрсеткіштері қосылды.
– "Несие берушілердің құқықтары" индикаторы бойынша 20 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік борышты қайта құрылымдауға жол бермеу ҚР-дың кредиттік қоржынына оң әсер етуде, – делінген Fitch есебінде.