​FlyArystan алғашқы күні 720 жолаушыға қызмет көрсетті

0
1 105

«FlyArystan әлемдік тәжірибеде кеңімен таралған бюджеттік әуекомпаниялар моделі бойынша жұмыс істеп, керек жерде, қажет уақытта пайда болды.


​FlyArystan алғашқы күні 720 жолаушыға қызмет көрсетті

ERNUR.KZ. FlyArystan әуе компаниясы жұмыс бастаған алғашқы күні 720 жолушыны тасымалдап үлгерді, деп жазады ҚазАқпарат.

Айта кетсек, 2019 жылдың 1 мамырында FlyArystan қазақстандық лоукостері Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жайлы 180 орындық Airbus A320 ұшағында алғашқы рейсін орындаған болатын. Жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін жоғары сапа, қолжетімді бағалардан бөлек, әуе компаниясы былғары теріден жасалған, ара қашықтығы 70-82 сантиметрлік Recaro 3530 SLIM креслолары бар салондарды ұсынады. Дәл сол күні Алматы-Тараз-Алматы бағыты бойынша екінші коммерциялық рейс те орындалды. «Нәтижесінде FlyArystan операциялық қызметтің бірінші күнінде 720 жолушыны тасымалдап үлгерді», - делінген компанияның хабарламасында.

«Эйр Астана» компаниясының президенті Питер Фостер жас әрі мобильді қазақстандық буынның алдында биік мүмкіндіктер мен көкжиектер ашылып, бұдан былай бүкіл халық қалаған жерге жиі, сонымен қатар арзан бағада жете алады деген ойда.

«FlyArystan әлемдік тәжірибеде кеңімен таралған бюджеттік әуекомпаниялар моделі бойынша жұмыс істеп, керек жерде, қажет уақытта пайда болды. Біз жолаушылар ағымын ішкі бағыттармен қатар, шетелдік бағдарлар бойынша өсіруге ниеттеніп отырмыз. Келешекте отанымызбен қатар шет елдерде де базаларымызды орналастыру - біздің бірден-бір мақсатымыз. Ал оған дейін Қазақстан ішінде қолжетімді сапар шегуге мүмкіндік беріп, FlyArystan аймақтық экономиканың дамуына зол үлесін қосады деген нық сенімдеміз», - деп мәлімдеді «Эйр Астана» президенті Питер Фостер.

Оған қоса, бүгін бірінші отандық лоукостер көптен күткен Қарағанды мен Оралға да алғашқы рейстерін орындамақ. Аталмыш бағытқа билеттер сатылымы сәуір айында жабылып, бірінші рейстерде толық бортты апару жоспарланған. Осылайша жыл соңына дейін FlyArystan 700 мың адамды тасымалдап, бірте-бірте бағдарлар желісін ел ішімен қатар, шет елдерге дейін кеңейтуді көздеп отыр.