Бұған дейін Сәтқалиевтің "Газпром" Қазақстанға "газды, Белоруссиядан әлдеқайда төмен бағамен" беріп жатқаны туралы ақпараты жарияланған еді.
ERNUR.KZ. Ресейлік "Газпром" корпорациясы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің ресейлік газдың бағасы Қазақстан үшін арзан болады деген сөзін жоққа шығарды, деп жазады stan.kz.
“Бұқаралық ақпарат құралдары ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып таратқан, ресейлік газдың Қазақстан үшін бағасы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді”, – делінген жұма күні тараған мәлімдемеде.
Еске салайық, бұған дейін Сәтқалиевтің "Газпром" Қазақстанға "газды, Белоруссиядан әлдеқайда төмен бағамен" беріп жатқаны туралы ақпараты жарияланған еді.