Нидерландтық технология өнімділікті 5 есе арттыра алады
ERNUR.KZ. Қазақстанда жеміс-жидек секторын дамыту үшін Нидерланды үкіметі голландиялық кәсіпкерлер тобымен бірлесіп, Қазақстанда жаңа технологияларды енгізуді қолға алды деп жазады Аzattyq ruhy.
Биыл екінші тоқсанда Нидерландыдан әкелінген алмұрт, қара өрік, шие, алма, қасқыржем, көкжидек, қарақат және құлпынай, барлығы 8 түрлі дақыл отырғызылған.
«Dutch Fruit Solutions Kazakhstan Қазақстанның жеміс-жидек секторындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісім жасасуға бағытталған, ол қатты, сүйек жемістері мен жидек дақылдарын өсіру бөлігінде қолданыстағы жеміс шаруашылығы жүйесін жаңартуға және кеңейтуге бағытталған: вирустарсыз отырғызу материалы, қарқынды жеміс бақтарын жобалау және іске асыру. Жоба өнімді жинау кезінде және одан кейінгі қызметті оңтайландыруды қамтиды», - делінген хабарламада
2019 жылы Нидерландыда Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазЖКШҒЗИ) мен Нидерландыдан келген серіктестер-Dutch Fruit Solutions Kazakhstan арасында озық технологияларды қолдана отырып, Талғар ауданында институт аумағында аумағы 2 гектар болатын демонстрациялық учаске құру туралы келісімге қол қойылды.