2021 жылы қазақстандық музыкант Imanbek Грэмми сыйлығын жеңіп алған еді.
Фото: https://www.facebook.com/aida.balayeva
ERNUR.KZ. Грэмми сыйлығының иегері Иманбек (Иманбек Зейкенов) мемлекеттік орденмен марапатталды, деп жазады stan.kz.
Премьер-министр орынбасары – мәдениет және ақпарат министр Аида Балаеваның мәліметінше, Мемлекет Басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталғанда елден тыс жерде болып, наградаларын уақытында ала алмаған азаматтарға сыйлығы енді табысталған.
“Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды. “Құрмет” орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және “Грэмми” жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды. Ал Еркебұлан Тоқтар “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағына ие болды”, – деп жазды Аида Балаева.
Айта кетейік, Грэмми сыйлығының иегері қазақстандық музыкант Иманбек (Иманбек Зейкенов) Латын Грэммиіне ұсынылғаны хабарланған еді.
Еске салайық, 2021 жылы қазақстандық музыкант Imanbek Грэмми сыйлығын жеңіп алған еді. Америкалық орындаушы SAINt JHN-дің “Roses” әнініне жазған ремиксі жүлдеге ие болды.
“Достар, мені неге бақытты деп ойлайсыңдар? "Грэмми" біздікі. Музыканттың мансабындағы ең әдемі нәрсе – Grammy-ді жеңу, біз оны жасадық!” – деді ол.


