Министрдің қызметін уақытша Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева қатар атқарып жатыр.
Коронавирус індетін жұқтырған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жағдайы орташа. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Министр Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр екен.
"Денсаулық сақтау министрінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оған қойылған диагноз – пневмония. Қазіргі уақытта хаттамаға сай ем алып жатыр. Стационарда ем алып жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеп жатыр. Елжан Амантайұлының тезірек қатарымызға қосылғанын күтеміз", – деп хабарлады Диас Ахметшәріп.
Әзірше министрдің қызметін уақытша Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева қатар атқарып жатыр.
Еске салайық, өткен жексенбіде, министрдің коронавирус жұқтырғаны анықталған еді.