"Иннопром-2024" көрмесінде 250 қазақстандық компания өз өнімдерін ұсынды

0
526

Халықаралық өнеркәсіп көрмесінің негізгі бөлімдері металл өңдеу, көлік-машина жасау, энергетика, автоматизация және робототехника, цифрлық өндіріске арналған.


ERNUR.KZ Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов "Иннопром" халықаралық өнеркәсіп көрмесін аралап, "Тұрақты өндіріс. Жаңару стратегиялары" атты шараның негізгі стратегиялық сессиясына қатысты, деп жазады sputnik.kz.

Биыл "Иннопромға" Армения, Беларусь (әріптес ел ретінде), Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ұлттық экспозицияларын ұсынды, ал Бахрейн, Мысыр, Үндістан, Иран, БАӘ, Сербия, Түркия және тағы басқа елдерден ресми және бизнес-делегациялар келді.

Қазақстан павильонының жалпы ауданы 900 шаршы метрді құрайды. Онда әртүрлі салалардағы 250 жетекші отандық компания орналасқан.
Басты стратегиялық сессияда сөйлеген сөзінде Әлихан Смайылов өңдеу өнеркәсібіндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қарқыны артқанын айтты. Осылайша, 2019 жылдан бастап екі ел өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен іс-қимылдар бағдарламасын жүзеге асыруда.
"Бүгінде біздің бірлескен жобалар тізімі 125-ке дейін ұлғайып, жалпы инвестиция көлемі 33 миллиард доллардан асады. Оның ішінде 3,2 миллиард долларды құрайтын 30 жобаны жүзеге асырдық", - деді Смайылов.
Үкімет басшысы айтқандай, көрмеге қазақстандық делегацияны 250 компания мен 1 мыңға жуық адам келді, бұл қазақстандық бизнестің бірлескен жаңа бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Ол сондай-ақ Қазақстан мен "Иннопромның" серіктес-елі Беларусь арасындағы өнеркәсіптік кооперация биыл 11 инвестициялық жобаны қамтитынын айтты.
"Біздің барлық елдегі бизнестің белсенділігін ескере отырып, бірлескен жобалардың қазіргі портфелін кеңейтуге болады және кеңейту қажет", - деді Смайылов.
Ол сондай-ақ Қазақстанда шикізатпен қамтамасыз етуден бастап дайын өнімді сыртқы нарыққа шығаруға дейінгі бүкіл өндірістік циклді қолдау шаралары заңнамалық деңгейде бекітілгенін және жер қойнауын пайдаланушыларға кен орындарын игеруге құқық алу үшін аукцион механизмі қарастырылғанын қосты. Бұл ретте әлеуетті инвесторлар жеңілдетілген несиелік құралдарды, ұзақ мерзімді келісімдерді және оффтейк-келісімшарттарын пайдалана алады.
Бұл ретте жер телімдерін бөлу, инфрақұрылым және басқа да мәселелер бойынша жергілікті деңгейде қолдау көрсетілуде. Ал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында бизнеске қажетсіз талаптарды азайтатын тиісті реттеулер енгізілуде.