Интернет сапасы нашар болса операторларға айыппұл салынады

0
527

Айыппұл қазіргідей 100 АЕК емес, бірнеше есе ұлғаятын болады.


Интернет сапасы нашар болса операторларға айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет сапасы нашар болса интернет-провайдерлер мен операторларға айыппұл салынатынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Интернет сапасы бойынша қызмет көрсететін кейбір провайдер немесе оператор үшін параметрлерді бекітеміз. Сапа параметрлерін орындамайтындарға айыппұл салынады. Айыппұл қазіргідей 100 АЕК емес, бірнеше есе ұлғаятын болады", - деді Мусин ОКҚ онлайн-брифингте.


"Әрине біз барлық қалада белгілі бір проблема бар екенін түсінеміз. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентке жол картасын бекіттік, әкімдіктер бізге жеке серіктестіктерді тауып беруге көмектесіп жатыр. Біз өз тарапымыздан радиожиілікті реттейміз. Тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр, егер қандай да бір қолайсыздық туғызған болсақ, кешірім сұраймыз", - деп қосты министр.