Ипотекалық борышкерлерді қолдау үшін 44 млрд 600 млн теңге бөлінді

0
481

1 сәуірдегі жағдай бойынша 1800-ге жуық борышкер қолдауға ие болды.


Ипотекалық борышкерлерді қолдау үшін 44 млрд 600 млн теңге бөлінді

ERNUR.KZ. Елімізде ипотекалық борышкерлерді қолдау үшін 44 млрд 600 млн теңге бөлінді, деп жазады inbusiness.kz.

Дерекке сүйенсек, 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1800-ге жуық борышкер қолдауға ие болды. Олардың қарызын қайта құрылымдау үшін 15 млрд 700 млн теңге жұмсалды. Бағдарлама 1 шілдеге дейін жалғасады. Жалпы осы алғанда, 8 мыңға жуық борышкердің қарызы қайта қаралады.

Айта кетейік, бұл шара - Ұлттық банктің ипотекалық борышкерлерді қолдау бағдарламасының үшінші кезеңіне жатады. Алғашқы кезеңінде жалғыз баспанасы банкке өтіп кеткен 28 мың адам қамтылды.

Ал, екінші кезеңде пәтерді валютамен алған азаматтардың қарызы қайта қаржыландырылды.