Ирактан қайтарылған балалар «Бәйтерек» монументінде туыстарымен қауышты

0
929

Балалар «Бәйтерек» мүсінін өз суреттерінде салып, оның ішінде бір болып көруді, еліне оралуды армандап келген.


Ирактан қайтарылған балалар «Бәйтерек» монументінде туыстарымен қауышты

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі, еліміздің символы болып табылатын «Бәйтерек» монументінің басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға қайтарылған балалар жақын туыстарына берілді, деп жазады Елорда Инфо.

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Нұр-Сұлтан қаласы Әкімінің орынбасары Бақтияр Макен, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко, ҚР Білім және ғылым Министрінің балалар құқығы жөніндегі Кеңесшісі Раиса Шер және т.б. қатысты.

Балалар еліміздің тәуелсіздігі күні қарсаңында «Бәйтерек» басында өз туыстарымен қауышуы өте символикалық мәнге ие. Балалар «Бәйтерек» мүсінін өз суреттерінде салып, оның ішінде бір болып көруді, еліне оралуды армандап келген. Бүгін сол армандарының барлығы орындалып, елге оралып, «Бәйтерек» ішін аралап, өз туыстарымен қауышты. Әр қазақстандық баланың періште арманы орындалуы тиіс және мемлекет те соған мүдделі.

Сондай-ақ, Қазақстандық дипломаттар бірлестігі мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі атынан балаларға естелік сыйлықтар берілді. Алдағы уақытта олардың болашағы мемлекет тарапынан бақылауда болады. Олар еліміздегі барлық балаларымен бірге жалпы білім беру мекемелерінде еш кедергісіз білім алатын болады.