Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

0
109

Лицензиядан айырылғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде ұйым өз атауынан микроқаржылық қызметті көрсететін сөздер мен белгілерді алып тастап, қайта тіркеуден өтуі немесе қайта ұйымдастыру не жою туралы шешім қабылдауы керек.


Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген тексерістерден кейін бірден жеті микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды. Ведомство компанияларда заңнама жүйелі түрде бұзылғанын, бұл қаржылық қызмет тұтынушыларының құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырғанын хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Қай МҚҰ лицензиясынан айырылды?

Лицензиядан айыру туралы шешімдер 23 қазанда қабылданды. Тізімге жеті ұйым енді:

  • "MaxMoney МҚҰ" ЖШС;
  • "Microfinance Systems МҚҰ" ЖШС;
  • "SurfKaz Finance МҚҰ" ЖШС;
  • "MFO№1 МҚҰ" ЖШС;
  • "Умит Финанс МҚҰ" ЖШС;
  • "Вивус МҚҰ" ЖШС;
  • "EL QAZYNA МҚҰ" ЖШС.

Агенттік микроқаржы ұйымдарының қызметін қадағалауды жалғастыратынын, бұл ретте қарыз алушылардың құқықтарының сақталуына және заңбұзушылықтарды анықтауға ерекше көңіл бөлетінін мәлімдеді.

Клиенттердің келісімшарттары мен қарыздары не болмақ?

Лицензиядан айырылғаннан кейін микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жалғастыруға құқылы емес. Сондай-ақ МҚҰ заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, қолданыстағы микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын өзгерте алмайды.

Сонымен қатар клиенттердің міндеттемелері сақталады. Өтелмеген микрокредиттері бар қарыз алушылар жасалған шарттардың талаптарын орындауға тиіс және міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Лицензиядан айырылғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде ұйым өз атауынан микроқаржылық қызметті көрсететін сөздер мен белгілерді алып тастап, қайта тіркеуден өтуі немесе қайта ұйымдастыру не жою туралы шешім қабылдауы керек.

Еске сала кетейік, 10 тамыздан бастап Қазақстанда кредит беру ережелері қатаңдатылды.