Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Италия Үкіметі басшысының Астанаға жоспарланған жұмыс сапары болмайды, деп жазады inform.kz.
Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
«Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады.
Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.
Осы себепке байланысты Италия Үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды», - деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі ресми парақшасына.
Ондағы дерекке қарағанда, Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған.