Итіне тақия мен бешпет кигізген қазақ жігіті оның туған күнін дүркіретіп тойлап берген (ВИДЕО)

0
440

​Темірлан Тоспаев иттің туған күнін этностильде атап өткен.


Итіне тақия мен бешпет кигізген қазақ жігіті оның туған күнін дүркіретіп тойлап берген (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Блогер Темірлан Тоспаев Майлыбек атты итінің туған күніне орай жабық қайырымдылық кешін ұйымдастырған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Иттің туған күні этностильде өткен. Яки, Темірлан Тоспаев Майлыбектің басына қазақтың тақиясын, үстіне оюы бар бешпет кигізген.

Papa Mailo есімімен танымал блогер қайырымдылық кешіне қазақтың ұлттық киімін киген қыздарды шақырып, қонақтардың көңілін көтерген. Қайырымдылық кешіне жиналған қонақтар 670 мың теңге ақша жинаған екен.Темірлан Тоспаев ол қаржыны иесі жоқ жануарларды қолдауға жіберемін дейді.

Әлеуметтік желіде бұл оқиғаға қатысты әртүрлі пікір жазылған. Көбі блогердің бұл әрекетін сөккен.

«Қазақтарға не болған. Жетімдерге жәрдем берсең болмай ма? Осы ит тойды түсінетіндей, сонша ақшаны ысырап қылғанша мәжбүр жандарға сауап қылғаның жақсы болар еді. Менің туған күнім былай өтпеген ғой. Майлыбектің тақиясы мен бешпеті күшті екен. Адамның туған күнінен артық тойлап өтіпті», - деп жазған блогердің оқырмандары