Вакциналаудың негізгі принциптері – қауіпсіздік және жоғары дәлелденген тиімділік.
ERNUR.KZ. Қауіпсіздік мәселелеріндегі маңызды жайттардың бірі барлық қарсы көрсетілімді ескере отырып, екпе салдыртатын адамдарды дұрыс іріктеу. Жалпы, балаларға қай кезде екпе салуға болмайды және оған қандай қарсы көрсеткіштер бар? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында Астана қаласының № 5 қалалық емханасы директорының орынбасары, педиатр-дәрігер Ольга Инякина жауап берді.
Спикер вакцинациялауға тұрақты қарсы көрсетілімдер туралы айтты.
«Шынында да, вакциналауға қарсы көрсеткіштер бар. Екпенің барлық түрінен «тұрақты қарсы көрсетілім» ұғымы бар – бұл вакцинаны салғаннан кейін 48 сағаттың ішінде болатын вакциналарды егуге күшті реакциялар. Ол қалай байқалады: температураның 40 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі, 3 сағат немесе одан да артық тоқтамай жылау, фебрильді немесе афебрильді дене дірілдеуі. Келесі қарсы көрсеткіш – вакцинаны алғаш салғандағы асқыну, ол 24 сағаттың ішінде жедел реакция – анафилактикалық шок түрінде дамиды», – деп түсіндірді дәрігер.
Ольга Инякинаның айтуынша, қарсы көрсетілімдердің басым бөлігі – уақытша. Дәрігер түсіндіргендей, ауыр дерттер вакциналаудан уақытша бас тартуды ғана көздейді. Мысалы, энцефалит, менингоэнцефалит түрінде орталық жүйке жүйесі зақымданған жағдайда, екпені бала сауығып кеткеннен кейін бір жыл өткен соң салуға болады. Егер балада жедел гломерулонефрит (бүйрек ауруы) анықталса, онда вакциналау қалпына келгеннен кейін 6 айдан кейін жүргізіледі.
«Мен келесі вакциналарға жекелеген қарсы көрсетілімдерге тоқталғым келді: ҚҚП (қызылша, қызамық, паротит) және АжКДС. АжКДС вакцинасына қатысты медициналық қарсы көрсетілім саны шектеулі – бұл алдыңғы вакциналаудан кейін 7 күн ішінде дамыған прогрессивті энцефалопатия, сондай-ақ фебрильді дене дірілі. ҚҚП – аралас вакцина. Бұл вакцинаның қауіпсіздігі, тиімділігі және иммуногенділігі өте жоғары. Оның қарсы көрсетілімдер ауқымы өте шектеулі: қатерлі аурулар, оның ішінде қатерлі қан аурулары, бастапқы тұрақты иммунитет тапшылығы, өмір бойы алмастыратын терапияны қажет ететін туа біткен иммунитет тапшылығы, балада дәлелденген АИТВ-инфекциясы, жүктілік», – деп атап өтті спикер.
Сондай-ақ дәрігер баланы вакцинациялауға саналы түрде қарауға шақырды, вакцина иммунобиологиялық препарат екенін атап өтті. Ольга Инякина вакцина салынғанға дейін инфекция қаупі жоғары қоғамдық және ойын-сауық орындарына баруды шектеуге кеңес берді.
Дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖК РМҚ Фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын мониторингтеу департаментінің басшысы Мәлік Абдрахманов былтыр Қазақстанда асқынулар туралы 4 хабарлама келіп түскенін айтты: оның үшеуі БЦЖ-ға және біреуі пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаға қатысты болды.