Ол NARUVAX-C19/Nano вакцинасын салдырған.
ERNUR.KZ. Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов коронавирусқа қарсы екінші рет вакцина алғанын айтты, деп жазады kaz.nur.kz.
"Бүгін зертхана жануарларын кезекті иммундау үшін COVID-19-ға қарсы NARUVAX-C19/Nano вакцинасының үлгісін әзірледік. Өзім үшін мүлдем тосыннан аталған вакцинаның қалғанын өзіме салу туралы шешім қабылдадым. Мұндай жақсы дүние (20 мкг Spike/RBD тиін) жарамсыз қалмауы керек қой. Менде IgA (секрециялық) антиденесін қалыптастыра ала ма екендігін білу қызықты болып тұр. Ол жалпыға танылған IgG, IgM антиденелеріне қарағанда тыныс алу органдарының шырышты қабыршағындағы COVID-19 вирусын жоюға және сол арқылы инфекцияны жібермеуге қабілетті", - деп жазды Қайсар Табынов.
Еске сала кетсек, Қайсар Табыновқа COVID-19-ға қарсы вакцина тамыз айында салынған еді.
Арада төрт ай уақыт өткенде Табынов жағдайының қалай екенін айтты. Оның сөзінше, екі ай бойы антиденелерді тексеріп отырған. Дегенмен кейін тексермеген.
"Қазіргі уақытта жағдайымды зерттеп жатырмын. Соңғы рет тексергенде 12 логарифм болды немесе титр 1:4000. Вакцина салғызғаннан кейін екі айдан соң айтарлықтай титрлар байқалды", - деді Табынов.
Алайда маманның сөзінше, бұл қорғау көрсеткіші емес. Вакцина қорғап-қорғамайтынын білу үшін адамдар коронавируспен ауырып жатқан госпитальге баруым керек екенін айтады.