Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

0
1 327

Қасымов 2019 жылдың 12 ақпанынан бастап президент көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған болатын.


Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды

Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қасымовты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындау туралы Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын",- деп жазылған Тоқаевтың жарлығында.

Қасымов 2019 жылдың 12 ақпанынан бастап президент көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған болатын.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметінен босатылды.