Қанат Бозымбаев 2018 жылғы мұнайдың болжамды құнын атады

0
1 529

​2018 жылғы мұнай өндіру жоспары 87 млн тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қанат Бозымбаев 2018 жылғы мұнайдың болжамды құнын атады

2018 жылғы мұнай өндіру жоспары 87 млн тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2018 жылғы мұнай өндіру жоспары 87 млн тоннаны құрайды. Былтырғы мұнай өндіру көлемінің өсіміне Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарындағы тұрақты еселенумен байланысты. 2018 жылы да негізгі өсім Қашаған есебінен болады.

«Қашағаннан мұнай өндіру жоспары 11 млн тоннаны құрайды. Бұл ретте Қызылорда мен Ақтөбе облыстарындағы кен орындарда өндіру көлемінің төмендейтіндігі күтілуде. Бұл аталған кен орындарының табиғи тозуымен әзірлемелер кезеңінің кеш басталуымен байланысты», - деп түсіндірді ол. Министр дерегінше, 2017 жылы 69,8 млн тонна мұнай экспортқа шығарылды. «2016 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 45, 2017 жылы шамамен 54 долларды құрады. 2018 жылғы болжам барреліне шамамен 55-60 доллар болады деп күтілуде. 2017 жылдың 30 қарашасында ОПЕК+ қатысушыларының кеңесінде 2018 жылдың соңына дейін мұнай өндіруге қойылған шектеуді созуға уағдаласты», - деді Қанат Бозымбаев.