Бүгінде елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 237 300-ге жетті.
ERNUR.KZ. Қазақстанда 14 мыңнан аса мұғалім мен оқушы COVID-19 вирусын жұқтырған. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахимжанова айтты, деп жазады inbusiness.kz.
«Осы уақытқа дейін Қазақстан бойынша 2 834 мұғалім мен 11 497 оқушы коронавируспен ауырды», - деді басқарма басшы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бүгінде елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 237 300-ге жетті, 214 714 адам дертінен айықты. 2 963 адам аурудан көз жұмды.
Айта кетейік, осыған дейін Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова IV тоқсанда қазақстандық оқушылар қалай оқитынын айтқан еді.