Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға 167 мыңға жуық адам ниет білдірді

0
205

167 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мыңға көп.


Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға 167 мыңға жуық адам ниет білдірді

ERNUR.KZ. Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 30 желтоқсанда аяқталды, деп жазады baq.kz.

167 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мыңға көп. ҰБТ 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Атап өтсек, талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат аппеляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120.