Апат 21 желтоқсан күні болған.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Сенбі, 21 желтоқсан күні таңға жақын Риддердегі жылу электр орталығындағы жарылыс кезінде зардап шеккен жұмысшылардың видеосы тарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, апаттан алты адам зардап шеккен. Жергілікті БАҚ жазғандай, олар ауыр хәлде Өскеменнің ауруханасына түскен еді.
Ал бүгін әлеуметтік желідегі Темірлан Стечкин есімді азамат зардап шеккен жұмысшылардың видеосын жариялады. Оның бейнетаспасында көрініп тұрғандай, жедел жәрдем үш ер адамға көмек көрсетіп жатыр. Олардың өне бойы қара күйедей. Бәрі қатты қорыққан, шокта отыр. Видео авторы оларға «жігіттер, ұйықтап кетпеңдерші» деп жалынып тұр.