"Астана" мен "Челси" ойыны алдында батыс сектордағы алты қатар қардан уақытылы тазаланбаған.
Фото: Бейнежазбадан
ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясы мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
"Астана" мен "Челси" ойыны алдында батыс сектордағы алты қатар қардан уақытылы тазаланбауына байланысты Орталық стадион басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен босатылған.
"Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды ойындарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз", - деп хабарлады.