Кеше атышулы Челах отырған түрмеде 19 қызметкердің коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.
ERNUR.KZ. Санитарлық дәрігерлер коронавирустың Жітіқарадағы түрмеге қалай жеткенін айтып берді, деп жазады тengrinews.kz.
Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандардың 76-сы Жітіқара қаласында тіркелген. Олардың ішінде "Қара бүркіт" түрмесіндегі қызметкерлер бар.
"Тәжірибеден өтіп жатқан курсанттың әкесінде коронавирус анықталған, ол онымен байланыста болған. Инкубациялық кезеңде осында тәжірибеден өткен. Тергеу жүргізілді. Сосын колонияның барлық қызметкерінен сараптама алынды. Бастапқыда сараптамалар теріс нәтиже көрсетті. Кейін инкубациялық кезең аяқталған соң коронавирус анықталды", - дейді Қостанай облысы Тауарлар қауіпсіздігі мен сапа бақылау комитеті департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетов.
Оның айтуынша, барлық науқас сол мекемеде емделеді.
Еске салайық, мұның алдында "Қара бүркіт" түрмесінде 19 қызметкердің коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. 11 ер адам мен 8 әйел адамнан СOVID-19 анықталған болатын.