Қарағанды мен Павлодар облыстарындағы дала өрті оқшауланды (видео)

0
138

6 қазанда Қарқаралы ауданында дала өрті басталып, одан әрі от 45 мың гектар жерді шарпыған болатын.


Қарағанды мен Павлодар облыстарындағы дала өрті оқшауланды (видео)

Фото: ТЖД

Құтқарушылар Қарағанды облысындағы табиғи өрттің оқшауланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қарағанды облысында табиғи өрт оқшауланды. Өртенген жер аумағы анықталуда", – делінген ТЖД хабарламасында.

Павлодар облысындағы дала өрті де оқшауланып, түгелдей сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің ауданы анықталып жатыр.

Төтенше жағдай министрлігі Шыңғыс Әріновтың айтуынша, өрт Ресей Федерациясынан басталған. Сөйтіп қызыл жалын 500 гектар аумақты шарпыды. Ол Қарағанды облысы мен Баянауыл ұлттық саябағындағы өртпен күрес туралы баяндады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қарқаралы ауданында дала өрті басталып, одан әрі от 45 мың гектар жерді шарпыған болатын. Оқиға орнында құтқарушылардың жұмысын басқарған жедел штаб құрылды.