Қарағанды облысында 51 адам мінген автобус жеңіл көлікпен соқтығысты: үш адам көз жұмды.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында 51 адам мінген автобус жеңіл көлікпен соқтығысты. Оқиға орнында үш адам қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
Жол апаты бүгін таңғы сағат 06.00 шамасында "Алматы -Екатеринбург" тас жолында болған. Ақсу-Аюлы кентінен 5 шақырым жерде Chery Tiggo көлігі VAN HOOL маркалы жолаушылар автобусымен соқтығысқан. 51 адам мінген автобус Красноярск қаласынан Шымкентке бара жатқан.
Оқиға орнында жеңіл көліктің жүргізушісі және оның екі жолаушысы қайтыс болды. Сол көлікте болған үш жолаушысы мен автобустың жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Соққының қатты болғаны сонша, Chery Tiggo көлігі екіге бөлініп кеткен.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар жасалып, тергеу шаралары басталды.