Қарағанды облысында балалар арасында қызылша ауруы өршіп тұр

0
477

Мамандар мұны жазғы демалыс уақытында жұршылықтың шетелге жиі баруымен байланыстырып отыр.


Қарағанды облысында балалар арасында қызылша ауруы өршіп тұр

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында балалар арасында қызылша ауруы өршіп тұр. Науқастардың 90 пайыздан астамы екпе алмағандар. Осы айда 9 бала инфекция жұқтырған, деп жазады zakon.kz.

Мамандар мұны жазғы демалыс уақытында жұршылықтың шетелге жиі баруымен байланыстырып отыр.

"Қызылша - ауа арқылы таралатын, жұқпалы дерт. Уақытылы ем қабылдамай асқындырып алса инфекция өмірге аса қауіпті",-дейді мамандар.

"Қызылшаның сырттан келген жағдайы 67 пайызды құрайды. Түркия, Египет, Тәшкент, Ресей қалаларынан болса, ел ішінде Астана және Алматыға барғандарға жұққан. Науқастардың 93 пайызы вакцинация алмаған балалар. Вакцина алмаған адамдар 100 пайыздық қауіп төндіреді", - дейді Жанна Рәшитова - Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Бас маманы.