Қарағанды ​​облысында жедел жәрдем көлігін азық-түлік тасымалдау үшін пайдаланған

0
452

Басқарма қызметтік көлік жүргізушісі көлікті жеке мақсатта пайдаланғанын растады.


Қарағанды ​​облысында жедел жәрдем көлігін азық-түлік тасымалдау үшін пайдаланған

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жедел жәрдем көлігін азық-түлік тасымалдауға пайдаланған, деп жазады stan.kz.

Әлеуметтік желіде азық-түлік дүкенінің алдында тұрған жедел жәрдем көлігінің бейнежазбасы тарады. Бейнежазба авторы ауданда жедел жәрдем көлігінің жетіспейтінін, ал жүргізуші қызметтік көлікті жеке мақсатына пайдаланып жатқанын алға тартады. Бейнежазба желіде шу тудырды.

Автордың шағымдарына Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жауап берді. Басқарма қызметтік көлік жүргізушісі көлікті жеке мақсатта пайдаланғанын растады. Басшылықтың айтуынша, бұл оқиға 2022 жылдың желтоқсанында болған. Аурухана басшысы тәртіптік жазаға тартылды.

"Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаны тексерді. Тергеу нәтижесінде Ақтоғай аудандық орталық ауруханасының басшысы ұжымдағы бақылауды әлсіреткені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл бейнежазба 2022 жылдың 25 желтоқсанында түсірілген. Қызметтік көлік жүргізушісі биологиялық материалдарды облыс орталығына тасымалдаған. Қайтар жолда отбасылық іс-шараны өткізуге байланысты жеке қажеттіліктері үшін азық-түлік тиеген", - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Басқарма сонымен қатар дау тудырған жедел жәрдем көлігі аурухананың қосалқы көлігі екенін айтты.