Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.
27 тамызда кешкі сағат 18:30 шамасында Қарағанды - Аягөз - Бұғаз тасжолында, Қарқаралы қаласынан 20 шақырым жерде Mercedes-Benz автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, 45 жастағы азамат тізгіндеген Toyota Land Cruiser 100 автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды. Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.