Қарағанды ​​облысында жол апатынан екі мотоциклші көз жұмды

0
80

Екі жүргізуші де бір бағытта бар жатып, оқиға орнында қайтыс болды.


Қарағанды ​​облысында жол апатынан екі мотоциклші көз жұмды

фото: Sputnik / Стрингер

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Шет ауданында екі мотоциклдің қатысуымен жол апаты болды, деп жазады sputnik.kz.
Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға салдарынан 17 және 37 жастағы екі жүргізуші де көз жұмды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, 16 сәуірде шамамен сағат 21:00-де Шет ауданының Ағадыр ауылында бір бағытта барв жатқан екі мотоциклдің қатысуымен жол апаты тіркелді. Апат салдарынан мотоцикл жүргізушілері оқиға орнында қайтыс болды, ал тағы бір адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облыстық полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жылдамдық шегінен асырмауға шақырады. Автокөлікті басқару кезінде қорғаныс құралдарын - арнайы бас киім мен құралдарды міндетті түрде пайдалану қажеттілігіне ерекше назар аударылады.