Үгіт-насихат пунктіне бір күнде 18 адам келеді.
ERNUR.KZ. Қарағанды қаласында көп пәтерлі үй тұрғыны үгіт-насихат пунктін ашты. Бұл туралы Президенттікке кандидат Аманкелді Таспиховтың штабынан хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Мейрам Әйгерім - үш баланы тәрбиелеп отырған жас ана. Бұрын сайлау алдындағы науқанға қатыспаған, бірақ әрдайым белсенді өмірлік ұстанымды ұстанып, облыстық іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға атсалысқан. Оның айтуынша, ол "Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен үміткер ұсынылғаны туралы жаңалықтардан біліп, Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Аманкелді Таспиховты қолдау бойынша Қарағанды облыстық қоғамдық штабына үй жағдайындағы үгіт-насихат пунктін ашу туралы ұсыныс жасады», - делінген хабарламада.
Қарағанды облысы Кәсіподақ Орталығының "Келешек" Жастар кеңесінің мобильді үгіт-насихат тобы Мейрам Әйгерімге үгіт-насихат материалдарын ұсынып, үй жағдайындағы үгіт-насихат пунктін ұйымдастыруға көмек көрсеткен.
«Үгіт-насихат пунктіне бір күнде 18 адам келді. Олар - сыртқы есіктегі белгіні көрген жақын маңдағы көршілер. Келушілерге Үміткердің өмірбаяны, оның сайлауалды тұғырнамасы, еліміздегі кәсіподақтар қызметі туралы айтылды», - делінген хабарламада.
Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен көп пәтерлі үй тұрғындары үшін қонақжай үй иесі ауызашар ұйымдастырды.