Комитет басшылығы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 және «Қарағанды-Энергоцентр» АҚ ЖЭО-3 болды.
ERNUR.KZ. Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы Қарағанды жылу электр орталықтарына барды, деп жазады ҚазАқпарат.
Комитет басшылығы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 және «Қарағанды-Энергоцентр» АҚ ЖЭО-3 болды.
ЖЭО-2 қазандық пен турбиналық цехтардың негізгі жабдықтары тексерілді.
Қазіргі уақытта 6 қазандықтың 4-і жұмыс істейді. № 2 қазандық 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін жөнделіп жатыр.
Қосалқы жабдықтағы ақауларды жою үшін № 3 қазандық тоқтатылды.
Тұрақты жылумен қамтамасыз ету мәселесі Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Теміртау қаласының әкімі Ораз Таурбековтің қатысуымен өткен кеңесте қаралды.
№ 2 қазандықты күрделі жөндеуді аяқтауды жеделдету және газ тазарту жабдықтары бойынша жөндеу жүргізу қажеттігі атап өтілді.
ЖЭО-3 барған кезде «Қарағанды-Энергоцентр» ЖШС күрделі жөндеуден кейін № 5 турбина бойынша іске қосу операцияларының барысымен, сондай-ақ көмір жинау мәселесімен танысты.
Комитет «ҚТЖ «ҰК» АҚ және «Богатырь-Көмір» ЖШС-мен бірлесіп қорды ұлғайту мақсатында көмір маршруттарын тасымалдауды үйлестіру бойынша күнделікті жұмыс жүргізіп жатыр.